jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Елімізде әскерге шақыру енді электронды түрде жүргізіледі

    Әскердегі солдаттар
    Әскердегі солдаттар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    2024 жылдың бірінші қаңтарынан бастап 17 жасқа толған азаматтардың құжаттары қарулы күштердің электронды базасына енгізіліп, әскерге шақыру электронды түрде жүргізіледі. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы хабарлады.

    Телеарна мәліметінше, Қорғаныс министрлігінің бұл жобасы "Электрондық үкімет" порталы және "еGov" мобильдік қосымшасы арқылы жұмыс істейтін болады. Тіркеу барысында азаматтарды әскери есепке алу, олардың саны мен әскери қызметке жарамдылық санаты айқындалады.

    Сондай-ақ денсаулық жағдайы туралы мәліметтер тиісті ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын болады.

    Ведомсво өкілдері қызмет түрлерін автоматтандыру арқылы қағазбастылық азайып, енді барлық құжат электронды түрде қолжетімді болатынын атап өтті.

    "Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу процесі автоматты түрде жасалынатын болады. Негізі тіркеу процестері қаңтардың басынан, наурыздың аяғына дейін жүргізіледі. Бұл жұмыстың арқасында біз мемлекет үшін 1 миллиардтан астам қаржысын және азаматтардың уақытын үнемдеп отырмыз", - деді Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.

    Елімізде әскерге шақыру енді электронды түрде жүргізіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.