jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызы тозып тұр": Тоқаев ауыл-аймақты дамыту үшін не істеу керектігін айтты

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото : t.me/aqorda_resmi

    Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау керек екенін жеткізді. Президент әсіресе ауылшаруашылық техниканың тозуы күрделі мәселе екенін атап өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Президент ауыл-аймақты дамытуда шағын несие берумен шектеліп қалмау керек екенін айтты. Ол жеке қосалқы шаруашылық иелеріне бірігуді ұсынды. Бұл туралы ол өзінің Қазақстан халқына жолдауында айтты.

    "Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау өте маңызды. «Ауыл аманаты» бағдарламасының елге қажет екені айқын көрінді. Оның келесі кезеңінде жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау керек. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі қажет. Осыған қажетті жағдай жасалуға тиіс", - деді ол.

    Тоқаев сондай-ақ ауыл шаруашылық техникаларының тозығы жеткенін де атап өтті.

    "Машина-трактор паркінің әбден ескіріп, тозуы – күрделі мәселеге айналды. Қазір ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызы тозып тұр. Сондықтан жыл сайын оның 8-10 пайызын жаңартып отыру қажет. Бұл ретте еліміздегі техника өндірушілер мен шаруалардың да мүддесін ескерген абзал.

    Қазір жаһандық бәсеке күшейіп тұр, тауар нарығында өзгеріс бар. Мұндай жағдайда өнім өткізу саясатына ерекше мән беруіміз керек. Жылдар бойы қалыптасқан ішкі және сыртқы нарықтағы орнымызды сақтап қалу айрықша маңызды. Үкіметтің алдында сыртқа шығарылатын өнім нарығының ауқымын жоспарлы түрде кеңейту міндеті тұр. Қазақстанның тауарларын шетелге таныту және шығару үшін тиісті шаралар қабылдаған жөн", - деді ол өз жолдауында.

    "Ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызы тозып тұр": Тоқаев ауыл-аймақты дамыту үшін не істеу керектігін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.