Тоқаев бірнеше министрді лауазымынан босатты
Опубликовано:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтары бойынша Қазақстанның бірқатар министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
- Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылды;
- Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды;
- Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды;
- Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігінде кадрлық ауыс-түйіс жасаған болатын.
Сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Президент әкімшілігінде басқару құрылымының өзгеруіне байланысты бірнеше шенеунік лауазымынан босатылғаны туралы жазған едік.
Оған қоса мемлекет басшысының жарлығымен президенттің үш жаңа көмекшісі тағайындалды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2034943-toqaev-kimderdi-ministr-lauazymynan-bosatty/