jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Бүгін тағы екі облысқа жаңа әкімдер тағайындалуы мүмкін

    Шенеунік
    Қызметкер. Көрнекі фото: Pixabay.com

    Бүгін Қазақстанның тағы екі облысына – Ақмола және Жамбыл облыстарына жаңа әкімдер тағайындалады деп күтілуде. Бұл туралы хабарландыру мәслихаттардың ресми сайттарында жарияланды.

    "2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығының 5-тармағының негізінде облыс әкімін тағайындауға келісім беру үшін 2023 жылдың 5 қыркүйегінде сағат 11.00-де Тараз қалалық білім бөлімінің оқушылар сарайында (Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 87) Жамбыл облысының барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының жиналысы өтетінін хабарлаймыз", - делінген Жамбыл облысы мәслихатының ресми сайтында.

    Осындай хабарландыру Ақмола облысы мәслихатының ресми сайтында да жарияланды.

    "2023 жылғы 5 қыркүйек күнгі сағат 10.00-де Ақмола облысы әкімінің лауазымына тағайындауға келісім беру мәселесі бойынша Ақмола облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысы өтетінін хабарлаймыз", - делінген хбарламада.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысын 2022 жылғы сәуірден биылғы жылдың қыркүйек айына дейін басқарған Нұржан Нұржігітов таяуда жаңадан құрылған Су ресурстары және ирригация министрлігінің басшысы болып тағайындалды.

    Ал Ақмола облысының бұрынғы әкімі Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі болып тағайындалған еді.

    Бүгін тағы екі облысқа жаңа әкімдер тағайындалуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.