jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады

    Отбасы
    Отбасы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    "Құрметті отандастар! Баршаңызды Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    Әрбір адам үшін ұшқан ұясының орны бөлек. Өскелең ұрпақтың отбасында тәлім-тәрбие алып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруі өте маңызды. "Отан отбасынан басталады" деп бекер айтылмаған. Салт-дәстүрге құрмет те, туған елге сүйіспеншілік те қасиетті қара шаңырақтан бастау алады.

    Отбасы институты еңбекқорлық, білімпаздық, тілектестік сынды «Адал азаматқа» тән қасиеттерді қоғамда жан-жақты дәріптеу арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосады.

    Берекелі шаңырақ – елімізді үйлесімді әрі орнықты дамытудың мызғымас кепілі. Сондықтан мемлекет ана мен баланы қорғау жүйесін жетілдіруге, отбасы құндылықтарын ұлықтауға баса мән береді.

    Әр отбасының әл-ауқатын жақсарту – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы негізгі міндеттің бірі. Қазақстандағы әрбір шаңырақтың керегесі кең, босағасы берік болсын!

    Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін", - деді президент құттықтауында.

    Айта кетейік, Gov.kz сайтындағы мәліметке сәйкес, Отбасы күні 2013 жылы бекітілген болатын және сол уақыттан бері жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде тойланып келе жатыр. Биыл бұл мейрамды қазақстандықтар 10 қыркүйекте атап өтеді.

    Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.