jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Нью-Йоркте көлік саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірімен ынтымақтастықты талқылады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Wabtec компаниясының президенті Рафаэль Сантананы қабылдады
    Қасым-Жомарт Тоқаев Wabtec компаниясының президенті Рафаэль Сантананы қабылдады. Фото: akorda.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Wabtec компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Рафаэль Сантананы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

    Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Қазақстанның теміржол саласын жаңғырту аясында Wabtec компаниясымен арадағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

    Рафаэль Сантана Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанда сутегі технологиясын қолданатын локомотивтер мен олардың қосалқы бөлшектерінің өндірісін іске қосу, инжиринг орталығы мен технологиялық трансфертті ұйымдастыру үшін пысықталып жатқан инвестициялық жобалар туралы мәлімет берді.

    Мемлекет басшысы компанияның көлік-логистика саласына шамамен 1 миллиард доллар инвестиция құю жоспарын құптап, мұның Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытуға ықпал ететінін және басқа да инфрақұрылымдық жобалар үшін негіз болатынын атап өтті.

    Президенттің АҚШ-қа сапары аясында "Қазақстан темір жолы" "ҰК" акционерлік қоғамы мен Wabtec арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қойылды.

    Wabtec (Westinghouse Air Brake Technologies Corporation) Fortune 500 тізіміне кіреді, сондай-ақ ол көлік-логистика саласындағы жаһандық көшбасшылардың бірі саналады. Әлемнің 50-ден астам елінде компанияның филиалдары бар және онда 27 мыңнан аса адам жұмыс істейді.

    Тоқаев Нью-Йоркте көлік саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірімен ынтымақтастықты талқылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.