jitsu gif

    "Президент жарлығын күтудеміз": министрлік АЭС салу бойынша референдум қашан өтуі мүмкін екенін хабарлады

    Атом электр стансысы
    Атом электр стансысы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Бүгін баспасөз конференциясында Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Қазақстанда атом электр стансыларын салу бойынша референдум өткізу мерзіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жандос Нұрмағанбетов Энергетика министрлігі "Атом энергиясын пайдалану туралы" заң аясында жұмыс істейтінін еске салды. Оның айтуынша, АЭС құрылысы осы заңмен реттеледі.

    "Референдум қашан болатынына қатысты жауап бере алмаймын. Оған қоса референдум туралы заң бар. Референдумды өткізуге тек президент құқылы. Жарлық шыққан кезде референдум өтеді.

    Министрлік референдумды тағайындау процедурасына қатыспайды. Бұл біздің құзыретімізде емес. Референдум күнін белгілеу – саяси шешім. Біз президенттің жарлығын күтіп жүрміз", – деді ол.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Энергетика министрлігі жақын арада президенттің тапсырмасын іске асыру бойынша барлық мәселені жан-жақты қарап, өзге де аспектілерді пысықтайтынын мәлімдеген болатын.

    "Президент жарлығын күтудеміз": министрлік АЭС салу бойынша референдум қашан өтуі мүмкін екенін хабарлады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.