jitsu gif
Саясат

    Азамат Есқараев Тоқаевқа әділет органдарының биылғы 9 айда атқарған жұмысы туралы баяндады

    Тоқаев пен Азамат Есқараев
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Азамат Есқараев. Фото: akorda.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әділет министрі Азамат Есқараевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

    Кездесу барысында Азамат Есқараев президентке әділет органдарының биылғы 9 айда атқарған жұмысының қорытындысы мен алдағы жоспары жөнінде баяндаған.

    Министр мемлекет басшысына қабылданып жатқан заңнамалық шаралар, атап айтқанда Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару, Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстерін оңтайландыру үшін әзірленген заң жобалары, сондай-ақ әкімшілік әділет саласын жетілдіру және кеңейту мәселелері жөнінде мәлімет берген.

    Бұдан бөлек, министр президентке азаматтық хал актілерін тіркеу, жылжымайтын мүлікке қатысты құқықтар, нотариаттық, адвокаттық қызметтер, атқарушылық іс жүргізу салаларындағы жаңалықтар және зияткерлік меншік құқықтарын қорғау шаралары туралы айтқан.

    Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Азамат Есқараевқа "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заңды жүзеге асыруға қатысты заңға тәуелді актілерді жедел қабылдау үшін Бас прокуратурамен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді тапсырған.

    Сонымен қатар президент заңдар мен заңға тәуелді актілерді қабылдау кезінде мүдделі мемлекеттік органдармен үйлесімді жұмыс істеп, Конституция талаптарының сақталуын қамтамасыз ету қажет екенін атап өткен.

    Азамат Есқараев Тоқаевқа әділет органдарының биылғы 9 айда атқарған жұмысы туралы баяндады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.