jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев бронды техника шығаратын зауыттың жұмысымен танысты (фото)

    Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын жұмысымен танысуда
    Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын жұмысымен танысуда. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Kazakhstan Paramount Engineering зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

    Президент елорданың индустриалды нысандарын аралау барысында бронды дөңгелекті техника өндіруге және жаңғыртуға маманданған Kazakhstan Paramount Engineering зауытына да барды.

    Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл компания 2013 жылы құрылған. Ол – Қазақстан мен Орталық Азияда дөңгелекті бронды техника шығаратын бірден-бір кәсіпорын.

    Қазақстан аумағында өз өндірісін ашу және бәсекеге қабілетті заманауи бронды техникаға сервистік қызмет көрсету, сондай-ақ түрлі міндеттерді орындауға арналған бронды дөңгелекті машина өндірісін өркендету аталған компанияның артықшылығы саналады.

    Мемлекет басшысы осы саланы ілгерілетудің келешегі зор екенін ерекше атап өтіп, компанияны қорғаныс өнеркәсібіне маманданған отандық кәсіпорындарды дамытуға жан-жақты атсалысуға шақырды.

    Тоқаев бронды техника шығаратын зауыттың жұмысымен танысты (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.