jitsu gif
Саясат

    Тоқаев Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ермек Маржықпаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ермек Маржықпаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    Министр Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоның қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндады.

    Мемлекет басшысына Қытайда өткен Азия және Паразия ойындарының қорытындысы бойынша жүргізілген сараптама нәтижелері жөнінде есеп берілді.

    Президент саланы дамытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу үшін сапалы әрі кезең-кезеңімен жұмыс жүргізуді тапсырды.

    Сонымен қатар мемлекет басшысына министрлікке қарасты салалардағы заңнамалық базаны жетілдіру, еліміздің туристік әлеуетін одан әрі дамыту жөнінде мәлімет берілді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке аталған бағыттар бойынша нақты міндеттер жүктеді.

    Тоқаев Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.