jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Антикор елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару үшін АҚШ Мемлекеттік департаментімен келісімге келді

    АҚШ және Қазақстан тарапы
    АҚШ және Қазақстан тарапы. Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

    Агенттік төрағасы Асхат Жұмағали АҚШ Мемлекеттік департаментінің Есірткімен халықаралық байланыстар және құқық қорғау органдары бюросының кеңесшісі, Азия аймағында бағдарламалар мен жобаларды енгізу саласындағы сарапшы Кайл Оджимамен кездесті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ресми сайтында хабарлады.

    Құзырлы орган мәліметінше, Асхат Жұмағали Агенттіктің қызметі және жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар етіп, сондай-ақ американдық тараптың жемқорлыққа қарсы жобаларды іске асыруда және ілгерілетуде көрсетіп отырған қолдауының маңыздылығын атап өтті.

    "Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, қаржылық тергеу, активтерді қайтару, цифрлық қаржы активтерін, криптобиржаларды және басқа да цифрлық платформаларды пайдалана отырып жасалған жемқорлық қылмыстарға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу туралы уағдаласты", - деп хабарлады Антикордан.

    Кайл Оджима серіктестік қатынастарды одан әрі дамытуға қызығушылық танытып, қол жеткізілген келісімдерді іске асыруда жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

    Кездесу соңында америкалық тарап Агенттік делегациясын Америка Құрама Штаттарында желтоқсанда өтетін БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қатысушы мемлекеттер конференциясының мерейтойлық сессиясына қатысуға шақырды.

    Антикор елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару үшін АҚШ Мемлекеттік департаментімен келісімге келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.