jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Желіде Тоқаев Бишімбаевты ақтап алды деген фейк мәлімдеме таралды

    Экс-министр Қуандық Бишімбаев
    Экс-министр Қуандық Бишімбаев. Фото : Хабар 24: UGC

    Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты деген дәйексөзі келтірілген ақпарат тарады. Stopfake.kz сайтының мәліметінше, президент мұндай мәлімдеме жасамаған.

    Әлеуметтік желілерде Ақорданың ресми парақшаларында президент 15 қарашада құқық қорғау органдарының басшыларымен кездесу кезінде елорда мейрамханаларының бірінде болған кісі өліміне қатысты резонанс тудырған оқиғаға қатысты пікір білдіргені туралы баспасөз релизі жарияланды. Президент ІІМ басшылығына бұл істі ерекше бақылауға алуды тапсырды.

    "Заң бәріне бірдей. Азаматтарымыз заңдылықты нығайту жолында жұдырықтай жұмылса ғана қоғамда әділдік орнайды. Әділетті Қазақстан – Заң мен Тәртіп үстемдік құратын ел", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. БАҚ жаңалықтарында да осы дәйексөз келтірілген.

    Ақпараттың шынайылығын тексеретін сайттың жазуынша, президент таралған ақпаратта жазылған сөздерді айтпаған. Бұл "пікір" жалған.

    "Фейктің бастапқы дереккөзі – Qazinform24 сатиралық аккаунты. Ол Instagram-да ойдан шығарылған жаңалықтарды жариялайды. Бұл туралы парақшаның профилінде жазылған. Олай болса, таралған ақпаратқа сенбеген жөн", - деп жазылған сайтта.

    Жалған мәлімдеме
    Жалған мәлімдеме. Фото: stopfake.kz

    Желіде Тоқаев Бишімбаевты ақтап алды деген фейк мәлімдеме таралды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.