jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев ауыл шаруашылығы министріне бірқатар тапсырма берді

    Ақордадағы қабылдау
    Ақордадағы қабылдау: akorda.kz

    Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

    Президентке еліміздің ауыл шаруашылығы секторының биылғы 10 айда атқарған жұмыстарының негізгі көрсеткіштері жөнінде мәлімет берілді.

    Мемлекет басшысына Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында бекітілген міндеттердің орындалуы туралы баяндалды, сондай-ақ аталған саланы одан әрі жетілдіруге қатысты жоспар таныстырылды.

    Айдарбек Сапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа жиын-терін науқанының қорытындысы, биыл отандық шаруалардың қиын жағдайда жұмыс істегені және Үкімет қабылдаған қолдау шаралары жайында айтты.

    "Кездесу соңында Президент министрге саланы 5 жыл ішінде дамудың жаңа белесіне шығару, соның ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2 есе арттыру жөнінде міндет жүктеді. Ол үшін аталған салада мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіруге, шаруаларды жеңілдетілген қаржымен және субсидиямен қамтамасыз етуге, егіс алқаптарын әртараптандыруға және ауыл шаруашылығы ғылымын дамытуға бағытталған құрылымдық және институционалдық реформалар жүргізу қажет", - делінген Ақорда хабарында.

    Тоқаев ауыл шаруашылығы министріне бірқатар тапсырма берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.