jitsu gif
Саясат

    Тоқаев Қазақстандағы Қытай елшісін қабылдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чжан Сяо
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чжан Сяо. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

    Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қытаймен барлық бағыт бойынша ықпалдастықты жандандыруға ниетті екенін айтты.

    Сондай-ақ президент баспасөз қызметінің хабары бойынша, кездесу кезінде сауда, ауыл шаруашылығы, энергетика, жаңа технология, көлік және логистика саласындағы өзара тиімді қатынастарды одан әрі арттыру маңызды екені атап өтілді. Бұдан бөлек мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселесіне де назар аударылды.

    Тоқаев Қазақстандағы Қытай елшісін қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.