jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Еуропа Одағының Қазақстандағы елшісін қабылдады

    Кестутис Янкаускас Қасым-Жомарт Тоқавтың қабылдауында
    Кестутис Янкаускас Қасым-Жомарт Тоқавтың қабылдауында. Фото: aqorda.kz

    Мемлекет басшысы Еуропа Одағының Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускасты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

    Кездесуде Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы қарым-қатынастардың басым бағыттары қарастырылған.

    Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуропа Одағымен стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға бейілділігін, сондай-ақ еліміздің бастамасымен қолға алынған С5+ЕО форматы аясындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі ілгерілетуге ниетті екенін растады.

    Бұдан бөлек, президент саяси реформалардың табысты жүзеге асырылып жатқаны туралы айтып, демократияны нығайту ісінде Қазақстанды қолдағаны үшін Еуропа Одағына ризашылығын білдірген.

    Кездесу барысында аса маңызды шикізат материалдары, "жасыл" экономикалық өсім, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ықпалдастыққа ерекше назар аударылған.

    Тоқаев Еуропа Одағының Қазақстандағы елшісін қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.