jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Прокурорлық сүзгі" жұмыс істей бастайды": Тоқаев цифрлық платформаға қатысты ескерту жасады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    "Алтын Сапа" және "Парыз" сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсімі. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімінде цифрлық платформа туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

    Мемлекет басшысының айтуынша, цифрлық платформаны созбалаңға сала бермей, тез арада құру аса маңызды.

    "Сол арқылы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу процесін нақты уақыт режимінде бақылауға болады. Мемлекеттік органдардың инвесторларға қатысты барлық шешімі мен шектеу шаралары бойынша "прокурорлық сүзгі" жұмыс істей бастайды. Осылайша, біз инвесторларды негізсіз айыппұлдар мен салықтардан, әділетсіз және ұзаққа созылған сот дауларынан қорғаймыз. Жалпы, бизнес үшін әділ әрі ашық ойын ережесін қамтамасыз етуге бар күш-жігерімізді жұмсаймыз", - деді президент.

    Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жасанды интеллект жүйесін құру – өз алдына бөлек әрі өте маңызды мәселе екенін атап өтті.

    "Қазақстанның болашағы және оның халықаралық қоғамдастықтағы орны осы жұмыстың сәтті іске асуына байланысты. Сондықтан бұл бағытқа өзім жетекшілік етемін және шетелдік, отандық мамандармен кездесемін, сондай-ақ жүктелген міндеттердің орындалуын бақылауда ұстаймын", - деді мемлекет басшысы.

    "Прокурорлық сүзгі" жұмыс істей бастайды": Тоқаев цифрлық платформаға қатысты ескерту жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.