jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев MODEХ Astana темірбетон конструкцияларын шығаратын зауытқа барды (фото, видео)

    Тоқаев MODEX Astana темірбетон конструкцияларын шығаратын зауытқа барды
    Фото: t.me/aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордағы өндіріс нысандарын аралау барысында MODEХ Astana ЖШС-нің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

    MODEХ Astana – BI Group холдингінің еншілес кәсіпорны. Компания 2020 жылдан бастап жұмыс істейді және онда 360 адам еңбек етеді. Жобаның құны – 16 миллиард теңге.

    Кәсіпорында индустриялық-модульдік құрылыстың инновациялық технологиялары қолданылады.

    BI Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаевтың айтуынша, модульдік үйдің құрылысы әртүрлі ғимарат салу уақытын едәуір қысқартуға, олардың өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл халықтың басым бөлігі үшін тұрғын үйдің қолжетімді болуына ықпал етеді.

    Аталған технологияны үйлердің, коттедждер мен тұрғын үй кешендерінің құрылысы кезінде ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салу барысында да қолдануға болады.

    Компания құрылған күннен бастап осы технология бойынша жалпы ауданы 200 мың шаршы метрден астам нысандар салды.

    Тоқаев MODEХ Astana темірбетон конструкцияларын шығаратын зауытқа барды (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.