jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Атақты Асы жайлауы мемлекет меншігіне өтті

    Асы жайлауы
    Асы жайлауы. Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Асы жайлауы мемлекет меншігіне өтті. Бұл туралы AMANAT партиясы "Жер аманаты" республикалық комиссиясының өңірдегі көшпелі отырысында айтылды, деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

    Облыстық әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, өңірге жұмыс сапарымен келген партияның атқарушы хатшысы, "Жер аманаты" комиссиясының төрағасы Дәулет Кәрібек, комиссия төрағасының орынбасары, Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек, АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов Еңбекшіқазақ ауданында болып, Масақ ауылдық округінің тұрғындармен және шаруа қожалық иелерімен кездескен.

    Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек "Іле-Алатау Тур" ЖШС-нен №03-044-184-002 кадастрлық нөмердегі аумағы 3 500 гектар ауылшаруашылық мақсатындағы атақты "Асы жайлауы" деп аталатын жердің мемлекет меншігіне қайтарылғанын жария етті.

    "Асы жайлауы мемлекет меншігіне Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 1 маусымдағы №907 қаулысымен қабылданды. Сондай-ақ Бұғыты қыстауында 2,4 мың гектар ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер қайтарылды", - деді ол.

    Айта кету керек, биыл Алматы облысында игерілмей жатқан 213.5 мың гектар жер мемлекет меншігіне өтті.

    Атақты Асы жайлауы мемлекет меншігіне өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.