jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Депутаттар биылғы жұмысы үшін сыйақы ала ма: Қошанов жауап берді

    Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов
    Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов. Фото: ҚР мәжіліс парламенті

    Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановқа бүгін палата кулуарларында мәжіліс биыл қанша қаражат үнемдегені және депутаттар осы ақшадан сыйлық алу мүмкіндігі туралы сұрақ қойылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Қазіргі уақытта мен сіздерге нақты айта алмаймын (мәжіліс қанша үнемдегенін айтады – ред.ескертпесі). Бұл мәселемен мәжіліс аппараты айналысады. Жеке өзім алған жоқпын (сыйақыны айтады - ред.ескертпесі). Жоспарланған сыйақылар жоқ, олар үнемделген қаражат аясында болады", - деді Қошанов.

    Мәжіліс төрағасынан биылғы жұмыс қорытындысы бойынша депутаттардың қайсына сыйақы берілетіні де сұралды.

    "Менің ойымша, барлық депутат жақсы жұмыс істеді", - деп жауап қатты Қошанов.

    Айта кетейік, бүгін қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев та сыйақы туралы сұраққа жауап берген. Ол ведомство қызметкерлеріне бір жыл ішінде үнемделген бюджеттен сыйақы берілуі мүмкін екенін айтты.

    Депутаттар биылғы жұмысы үшін сыйақы ала ма: Қошанов жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.