jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Қазақстан Талибанды тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарады

    Талибан мүшесі Кабулдағы шеру кезінде туды ұстап тұр. Көрнекі сурет
    Талибан мүшесі Кабулдағы шеру кезінде туды ұстап тұр. Көрнекі сурет. Фото: Nava Jamshidi/Getty Images

    Қазақстан Талибанды тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарады. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің өкілі мұндай шешімнің неліктен қабылданғанын түсіндірді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

    СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан өзектендіру мақсатында Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйымдардың ұлттық тізіміне үнемі ревизия жүргізіп отыратынын атап өтті.

    "Аталған үдеріс аясында БҰҰ тәжірибесіне сәйкес, "Талибан қозғалысын" тізімнен шығару туралы шешім қабылданды. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің орындауға міндетті қарарларына сәйкес, "Талибан қозғалысы" БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі террористік деп таныған ұйымдардың тізіміне кірмейді", - деп түсіндірді ол.

    Айта кетейік, 2023 жылдың тамызында өткен қазақстандық-ауған форумы қарсаңында Талибанды Қазақстанның мойындауы туралы әңгіме қозғала бастаған, ол кезде бұл сұрақ СІМ өкілдеріне қойылған еді.

    Талибанды Қазақстандағы тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығару туралы мәселе халықаралық қоғамдастықта үйлестірілуі тиіс екендігі атап өтілген.

    Еске салайық, 2005 жылы Қазақстанның Жоғарғы соты "Талибан" қозғалысын террористік деп танып, оның республика аумағындағы қызметіне тыйым салған. "Талибанға" ҰҚШҰ-ға кіретін басқа елдерде - Қырғызстанда, Ресейде, Тәжікстанда тыйым салынған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.