jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    "Көп жылғы салғырттықтың салдары": Тоқаев Қазақстандағы ЖЭО проблемасы туралы айтты

    ЖЭО
    ЖЭО. Көрнекі фото: Pixabay.com

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Егемен Қазақстан" газетіне көлемді сұхбат берді. Онда ол елдегі жылу электр орталықтарындағы апаттарға кім жауапты екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Жылу электр орталықтарын­дағы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы мүшкіл ахуал – көп жылғы салғырттықтың салдары. Осы саладағы түйткілдер бір күнде аяқ астынан пайда бола қалған жоқ.

    Оның бәрі жылдар бойы қордаланған мәселелер екені баршаға мәлім. Өңірлердегі жылу орталықтары мен басқа да құрал-жабдықтардың 80 пайызы әбден тозған. Өткен жылдарда коммуналдық шаруашылыққа салынған инвестиция бұл саланың қажетін өтеуге жеткіліксіз болды", - дейді президент.

    Оның айтуынша, электр энергетикасы нысандарында болып жататын кішігірім оқиға­ларды дардай қылып көрсетіп, жылу­мен қамтамасыз ету ісіндегі бол­машы олқылықты "қасіретке айналдыруға" ұмтылатын әлеуметтік желідегі белсенділер отқа май құйып, елді дүрбелеңге салып жүр.

    "Бүкіл Қазақстандағы инженерлік инфрақұрылымды толық жаңғырту – өте ауқымды әрі күрделі міндет. Бұл мәселе біртіндеп шешіліп жатыр. Көктем-жаз айларында Үкімет пен әкім­­діктер жылу маусымына дайын болу үшін біраз жұмыс жасады. Жағ­дайы сын көтермейтін бірқатар нысанды жөндеді.

    Ең алдымен, күрделі апаттардың алдын алып, үйлерге жылудың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету керек. Бірақ жаңа қуат көздерін ашу, желілерді біртіндеп жаңарту және коммуналдық саланы түгел жаңғырту басты міндет екенін ұмытпаған жөн", - деді президент.

    Оның сөзінше, қазір жылу желілері әрең жұмыс істеп тұр. Үкімет пен әкімдіктер батыл қимылдап, қажетті шараларды дереу қолға алуы керек.

    "Көп жылғы салғырттықтың салдары": Тоқаев Қазақстандағы ЖЭО проблемасы туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.