jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Қорғаныс министрлігі Назарбаев ескерткіші алып тасталды деген хабарға қатысты мәлімдеме жасады

    Ұлттық қорғаныс университеті алдындағы тұңғыш президент ескерткіші
    Ұлттық қорғаныс университеті алдындағы тұңғыш президент ескерткіші. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

    Қорғаныс министрлігі Ұлттық қорғаныс университеті аумағынан экс-президенттің монументі алып тасталды деген хабарға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Ұлттық қорғаныс университетінің аумағында ҚР тұңғыш президентінің ескерткішін бөлшектеуге (демонтажға) қатысты хабарлаймыз.

    ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен "ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті" атауы "ҚР Ұлттық қорғаныс университеті" болып өзгертілді.

    Осыған байланысты Ұлттық қорғаныс университетінің аумағында орналасқан ҚР тұңғыш президентінің ескерткішін ҚР Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының ғимаратына көшіру және орнату туралы шешім қабылданды", - деп пікір білдірді ведомстводағылар.

    Сондай-ақ қазіргі уақытта ескерткіш қорғаныс ведомствосы ғимараттарының бірінде уақытша сақтауда тұрғаны белгілі болды. Тиісті дайындық шараларын өткізгеннен кейін ескерткіш музей ғимаратына көшіріледі екен.

    Айта кетейік, бұған дейін желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші Ұлттық қорғаныс университеті аумағынан алып тасталды деген хабар тараған еді.

    Қорғаныс министрлігі Назарбаев ескерткіші алып тасталды деген хабарға қатысты мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.