jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Мемлекет басшысы "Қазақтелеком" басқарма төрағасына тапсырма берді

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қуанышбек Есекеев
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қуанышбек Есекеев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

    Есекеев Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Қазақтелеком" компаниялар тобының былтырғы атқарған жұмыстарының нәтижесі туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырды.

    Президентке 2025 жылдың соңына қарай 5G желісін жедел енгізу жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы да баяндалды.

    Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, 7 мыңнан астам базалық станция салу жоспары әзірленген. "Қазақтелеком" – ТМД кеңістігінде 5G технологиясын іске қосқан алғашқы және жалғыз компания.

    Бұдан бөлек, мемлекет басшысына қызмет сапасын жақсарту жұмыстары жөнінде мәлімет берілді. Биыл компанияның 63 мың абонентінің ескірген мыс желісін заманауи оптикалық желіге ауыстыру жоспарланған. Сондай-ақ 50 мың тұтынушы модемінің технологиялық жабдықтары жаңартылады.

    Сонымен қатар президентке Қазақстан мен Әзербайжан арасында Каспий теңізінің табаны арқылы Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін салу жобасының іске асырылу барысы таныстырылды. Бұл жоба Қазақстанның аса маңызды өңірлік телекоммуникациялық хабқа айналуына, ел аумағынан өтетін халықаралық трафик транзитін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

    Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық және әлеуметтік салаларды цифрландыру өте маңызды екенін атап өтті. Себебі қазір жаңа телекоммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктері елдің халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілік деңгейін айқындайды.

    Мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарын заманауи телекоммуникация қызметтерімен қамтамасыз ету қажеттігіне де назар аударып, компанияның барлық инвестициялық жобасын уақытылы іске асыруды тапсырды.

    Мемлекет басшысы "Қазақтелеком" басқарма төрағасына тапсырма берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.