jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіші шамамен қай жерден бой көтеретіні белгілі болды

    Заманбек Нұрқаділов қоғам қайраткері
    Заманбек Нұрқаділов. Фото: turkystan.kz

    Алматы облысы Кеген ауданында Қазақстанның қоғам және мемлекет қайраткері Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш орнату жұмыстары аясында жиын өтті. Бұл туралы аудан әкімдігі Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

    Аудан әкімдігі ақпаратынша, жиын барысында Заманбек Нұрқаділовке қойылатын ескерткіштің орнын белгілеу, ескерткіш қойылатын жер учаскесін таңдау туралы сөз қозғалған.

    "Айта кетейік, көпшіліктің пікірін ортаға сала келе Кеген ауылының көрнекті жері жаңадан бой көтеретін Кеген өнер мектебінің алдынан саясаткердің ескерткішін орнату жоспарлануда", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, 14 қаңтарда белгілі саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің туғанына 80 жыл толуына орай ас берілді. Оған бірқатар қоғам қайраткері, саясаткерлер, парламент депутаттары, ғалымдар мен қаламгерлер қатысты.

    Аста сөз алған президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы көңіл хатын оқып берген. Тоқаев хатында Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш орнату керек деп есептейтінін жазған еді.

    "Ұлт перзенттерінің есімін ел жадында жаңғыртып, еңбегіне лайықты баға беру - ұрпақ парызы. Осы орайда, Зәкеңнің туған жері - Алматы облысының Кеген ауданында оған ескерткіш орнату және Алматыдағы тұрған үйінде ескерткіш-тақта ашу қажет деп санаймын", - делінген президент хатында.

    Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіші шамамен қай жерден бой көтеретіні белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.