jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Смайыловқа алғысымды білдірдім": Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын бастады

    Үкіметтің кеңейтілген отырысы
    Үкіметтің кеңейтілген отырысы. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкіметтің кеңейтілген отырысындағы сөзі басталды. Ол бұрынғы үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа алғыс білдірді, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, үкіметтің кеңейтілген отырысында былтыр атқарылған жұмысты қорытындылайды.

    "Сондай-ақ алдағы кезеңнің басты міндеттеріне тоқталуымыз керек. Жалпы, өткен жылы экономикамыз 5,1 пайызға өсті. Ең бастысы, еліміздің даму қарқыны бәсеңдеген жоқ. Алдыңғы Үкімет осы бағытта біраз жұмыс істеді. Кеше мен бұрынғы премьер-министр Әлихан Смайыловқа алғысымды білдірдім. Бірақ қазір жайбарақат отыруға болмайды, себебі алдымызда ауқымды жұмыс тұр. Сондықтан Үкіметтің жұмысына жаңа серпін беру қажет", - деді мемлект басшысы.

    Президенттің сөзінше, 2029 жылға қарай экономикамыздың көлемін 450 миллиард долларға жеткізуіміз керек.

    "Яғни, нақты меже бар. Енді тек жұмыс істеу қажет. Бұл – еліміздің жалпы ішкі өнімі жыл сайын кемінде 6 пайызға өсуі керек деген сөз.

    Сондай-ақ, макроэкономикалық көрсеткіштермен қатар халықтың нақты табысы да қарқынды түрде артуы керек. Бұл – өте маңызды міндет. Бір сөзбен айтқанда, бізге шын мәнінде сапалы даму қажет. Сондықтан әрбір қадамды жан-жақты, мұқият ойластырып, батыл әрекет ету керек", - дейді мемлекет басшысы.

    "Смайыловқа алғысымды білдірдім": Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.