jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    "Елімізді өркендетуге атсалысып келесіздер": Тоқаев қазақстандық әйелдерге үндеу жасады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық әйелдерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

    "Қымбатты ханымдар!

    Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    Сұлулық пен үйлесімді айшықтайтын шуақты көктем мерекесінде біз барша асыл жандарға ерекше құрмет көрсетіп, ықылас-ілтипат білдіреміз.

    Сіздер түрлі салада жемісті еңбек етіп, елімізді өркендетуге белсенді атсалысып келесіздер. Кез келген шаруаға жауапкершілікпен қарап, әрбір істің берекесін арттыруға ұйытқы болып жүрсіздер.

    Ардақты аналар бүкіл саналы ғұмырын баласының болашағына арнап, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп отыр. Осы мәртебелі миссиясын кәсіби қызметімен және қоғамға пайдалы жұмыстармен бірге атқарып жүрген арулар да аз емес.

    Әйелдерге жан-жақты жағдай жасау, олардың құқығын қорғау және отбасы институтын нығайту – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы.

    Еліміздің қыз-келіншектері жасампаздық қасиетімен қоғамның құндылықтар жүйесін жаңартуға және Әділетті Қазақстанды құруға өлшеусіз үлес қоса береді деп сенемін.

    Көктем мерекесі көңілдеріңізге шаттық сыйласын! Баршаңызға бақ-береке және толағай табыс тілеймін!", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Еске салайық, бұған дейін елімізде қанша әйел тұратынын жазған едік. Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, бүгінде Қазақстан халқының 10 260 057-сі әйелдер.

    Сондай-ақ Халықаралық әйелдер күніне орай елордада 34 мыңға жуық көпбалалы ана біржолғы әлеуметтік төлем алатыны хабарланған болатын.

    "Елімізді өркендетуге атсалысып келесіздер": Тоқаев қазақстандық әйелдерге үндеу жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.