jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Енді Қазақстанда сотқа жеткен іс прокурорға "қайта тергеу" үшін қайтарылмауы мүмкін

    қылмыстық іс
    Қылмыстық кодекс. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Мәжіліс "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ палатаның Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жоба президенттің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында берілген тапсырмасына сәйкес әзірленді.

    "Құқық қорғау органдарына қылмыстық істің кем-кетігін жамап-жасқауға мүмкіндік берілмейді.

    Сот келген істің аясында жинақталған материалдар, қылмыстық істің төңірегінде жиналған дәлелдемелері адамды кінәлі деп тануға жеткілікті ме, жоқ па деген сұраққа ғана жауап беруі қажет. Соттауы немесе ақтауы керек", - делінген хабарда.

    Енді Қазақстанда сотқа жеткен іс прокурорға "қайта тергеу" үшін қайтарылмауы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.