jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Қазақстан картасында жаңа қалалар пайда болуы мүмкін

    Көшеде кетіп бара жатқан адамдар
    Көшеде кетіп бара жатқан адамдар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров бүгінгі үкімет отырысында Қазақстанда қанша ауыл қала мәртебесін алуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Премьер-министр Олжас Бектенов қазір тұрғындар ірі елдімекендерге көшіп жатқанын айтып, халық тығыз орналасқан ауылдардың мәртебесін қайта қарау керек екенін атап өтті. Ол қазір Қазақстанда мұндай қанша ауыл бар екенін сұрады.

    "Қазіргі таңда елімізде 10 мыңнан астам тұрғыны бар 112 ауыл бар, оның ішіндегі 18 елдімекенде 30 мыңнан астам халық тұрады. Заңнамада олардың мәртебесін өзгерту тетіктері қарастырылған.

    Мысалы, егер жыл сайын үш жыл бойы халық саны 10 мыңнан асып отыратын болса, онда облыстық мәслихат бұл ауылдардың мәртебесін өзгертуге, яғни оларға қала мәртебесін беруге құқылы. Бұл заң 2021 жылы қолданысқа енді.

    Қазіргі таңда облыс әкімдіктері мәслихаттардың өтінімдерін қарастырыуда, Бірақ әлі нақты шешім қабылданған жоқ, жұмыс жүргізілуде", – деп жауап берді министр.

    Қазақстан картасында жаңа қалалар пайда болуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.