jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда адам саудасымен күрес жөніндегі дербес заң пайда болады

    Мәжіліс
    Мәжіліс ғимараты. Көрнекі фото: Рarlam.kz

    Мәжіліс "Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы мәжілістің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Заң жобалары мемлекет басшысының 2022 жылғы 13 сәуірдегі "Адам құқықтарын қорғау саласындағы одан әрі шаралар туралы" жарлығын іске асыру мақсатымен әзірленген.

    "Негізгі заң жобасына жаңа ұғымдар енгізіліп, кейбір анықтама халықаралық стандарттарға сәйкестендірілді. Заң нормалары қолданылатын тұлғалар шеңберi айқындалып, уәкiлеттi мемлекеттiк орган құрылады, адам саудасына қарсы күрес субъектiлерi мен олардың құзыретi нақтыланады", - делінген хабарламада.

    Сонымен қатар адам саудасының тәуекелін бағалау және құрбандарды қайта бағыттау тетігі енгізіледі. Адам саудасы құрбандарының құқықтары, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және осы саладағы халықаралық ынтымақтастық негіздері де қарастырылған.

    Қазақстанда адам саудасымен күрес жөніндегі дербес заң пайда болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.