jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Сенат Жоғарғы соттың екі судьясын қызметінен босатты

    Сот үкімін оқып тұрған судья
    Сот үкімін оқып тұрған судья. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Палатаның жалпы отырысында сенат депутаттары Әбдірашит Жүкенов пен Зәуре Текебасованы отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатты. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Мемлекет басшысының ұсынысын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп қарауға енгізді.

    "Сіздердің қарауларыңызға Әбдірашит Төлегенұлы Жүкенов пен Зәуре Балғазықызы Текебасованы отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы соттың судьясы лауазымдарынан босату туралы ұсынысы енгізіліп отыр.

    Екі судья да зейнеткерлік жасқа толған, судьялық қызметте тәжірбиесі мол", - деді ол.

    Сенаторлар оны қолдады.

    Сенат Жоғарғы соттың екі судьясын қызметінен босатты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.