jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов су тасқынынан зардап шеккен үйлердің иелерімен кездесті

    Су тасқынына қарсы іс-шаралар
    Фото: Павлодар облысының әкімдігі

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Павлодар облысында су тасқынынан зардап шеккендерге жан-жақты қолдау көрсетілуде және жедел түрде келтірілген залал өтелуде.

    Бүгінгі таңда су тасқыны кезінде мүлкіне әртүрлі дәрежеде зиян келген 107 отбасыға бюджеттен тыс демеушілік қаражат есебінен жалпы сомасы 96,7 млн теңге көлемінде өтемақы берілді.

    Су тасқынына қарсы іс-шаралар
    Фото: Павлодар облысының әкімдігі

    Соның ішінде өтемақыны бүгін су тасқыны кезінде үйлері қатты зардап шеккен Жалаулы ауылының 9 тұрғыны алды.

    Жалаулы ауылы
    Фото: Павлодар облысының әкімдігі

    Сондай-ақ Асайын Байханов пен ауыл ақсақалдары тәуелсіз комиссияның шешімі бойынша қалпына келтіруге келмейтін авариялық жағдайдағы үйлердің орнына салынатын 5 жаңа үйдің құрылысына бастау берді. Шығындарды ERG тобы өз мойнына алды. Үйлердің құрылысын 3 айдың ішінде аяқтау жоспарлануда.

    Су тасқынына қарсы іс-шаралар
    Фото: Павлодар облысының әкімдігі

    Сонымен қатар, зардап шеккен облыс тұрғындарына 100 АЕК мөлшерінде біржолғы мемлекеттік әлеуметтік төлем төленетін болады.

    Су тасқынына қарсы іс-шаралар
    Фото: Павлодар облысының әкімдігі

    Осымен ауылда су тасқынына қарсы іс-шаралар аяқталмайды. Шілде айының соңына дейін ауылда 6 км қорғаныс бөгеті салынып, ойпаң жерде орналасқан ауылдың мәселесін кешенді түрде шешу үшін көлемі 200 мың м3 болатын еріген суларды жинауға арналған 3 қазаншұңқыр жасалады.

    Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов су тасқынынан зардап шеккен үйлердің иелерімен кездесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.