jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаевқа сот ісіне жасанды интеллект элементтері бар IT-cервистердің енгізілуі туралы мәлімет берілді

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Асламбек Мерғалиев
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Асламбек Мерғалиев. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

    Мемлекет басшысына елімізде әділ сот төрелігін қамтамасыз ету мәселелері туралы баяндалды. Сондай-ақ сот жүйесін реформалауға қатысты бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы жайында айтылды.

    Асламбек Мерғалиев сот ісіне жасанды интеллект пен роботизация элементтері бар IT-cервистердің енгізілуі жөнінде мәлімет берді. Бұл шара соттар қызметіндегі ашықтық пен әділ сот төрелігіне ықпал етеді.

    Мемлекет басшысы сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардың сапасына және істерді қарау кезінде соттың барлық сатысында заңдылықты сақтау мәселесіне айрықша назар аударды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев сот қызметіне ақпараттық технологияларды енгізу жұмыстарын жалғастыру маңызды екенін атап өтті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.