jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    "Ардагерлерімізге әрдайым бас иеміз": Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады. Президенттің құттықтауын Ақорда Telegram-дағы арнасында жариялады.

    "Құрметті отандастар! Баршаңызды Жеңіс күнімен құттықтаймын!

    Біз 9 мамырда бейбіт өмір мен тыныштықты қорғау жолында құрбан болып, майдан даласынан қайтпай қалған батырларымыздың рухына тағзым етеміз. Соғыс және тыл ардагерлеріне шексіз ризашылық білдіріп, айрықша құрмет көрсетеміз.

    Қазақстан адамзаттың ортақ жеңісіне, жер бетінде әділдік пен бостандықтың салтанат құруына өлшеусіз үлес қосты. Аға буынның екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ерлігі мен еңбегі өскелең ұрпақ үшін қайсарлықтың, жанқиярлықтың және отаншылдықтың озық үлгісі болып қалатыны сөзсіз.

    Бүгінде біз ұлтымыздың қаһарман ұл-қыздарының арқасында алаңсыз еңбек етіп, ұрпақ өсіріп, жарқын болашаққа қадам басып келеміз. Сол үшін оларға мәңгі қарыздармыз. Ешкім де ешқашан ұмытылмайды!

    Ардагерлерімізге әрдайым бас иеміз! Бейбітшіліктің қадірін түсініп, оны сақтай білейік! Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! Жеңіс күні құтты болсын!", - делінген құттықтауда.

    "Ардагерлерімізге әрдайым бас иеміз": Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.