jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев жаңадан тағайындалған цифрлық даму министрін қабылдады

    Мемлекет басшысы цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады
    Мемлекет басшысы цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады. Фото: aqorda.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

    Ақорда мәліметінше, президентке ведомствоның қазіргі қызметі мен жұмыс жоспары жөнінде баяндалған.

    Жаслан Мәдиевтің айтуынша, мемлекеттік басқаруды және басқа да салаларды цифрлық трансформациялау үшін институционалдық база қалыптасқан. Реинжиниринг міндеттемесі заң жүзінде бекітіліп, 600-ден астам бизнес-процесс қайта қаралған. Сондай-ақ GovTech платформалық тәсілі арқылы цифрлық трансформациялау үдерісі басталған.

    Қасым-Жомарт Тоқаевқа жасанды интеллектіні енгізу, сондай-ақ AI-driven government экожүйесін қалыптастыру жолдары жөнінде мәлімет берілді.

    Сонымен қатар мемлекет басшысына отандық IT-компаниялардың экспорт нарықтарына шығу перспективасы баяндалған.

    Кездесу соңында президент мемлекеттік басқару ісін сапалы түрде цифрландыру, халықаралық IT-алпауыттармен ынтымақтастықты жандандыру және экономиканың түрлі секторында жасанды интеллектіні одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

    Тоқаев жаңадан тағайындалған цифрлық даму министрін қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.