jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Батыс Қазақстанда ауылдық елді мекен тұрғындары баспанамен қамтылуда

    Жаңа салынған үйлер
    Жаңа салынған үйлер. Фото: БҚО әкімдігі

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев үй кезегінде тұрған облыстардағы ауылды елді мекендердің тұрғындарын баспанамен қамту басты міндеттердің бірі екенін атап өткен болатын. Осы ретте Батыс Қазақстан облысында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асуда.

    2023 жылы Батыс Қазақстанның ауылды елді мекендерінде 105 пәтер пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Ақжайық ауданында – 48 пәтер, Қаратөбе ауданында– 12 пәтер, Шыңғырлау ауданында – 45 пәтер.

    Бұдан бөлек, республикалық бюджет қаражаты есебінен ауылды жерлерде тұратын халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қосымша 202 пәтер сатып алынды. Биыл 2024 жылы БҚО-да кезекте тұрған ауылды елді мекен тұрғындары үшін 6 жалдамалы тұрғын үйді қолданысқа беру және 758 пәтерді сатып алу жоспарлануда.

    Жаңа салынған үйлер
    Жаңа салынған үйлер. Фото: БҚО әкімдігі

    Нәтижесінде 900-ге жуық отбасы өз баспанасына қол жеткізеді. Тұрғындарды баспанамен қамту және құрылыс жұмыстары облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің тікелей бақылауында.

    Батыс Қазақстанда ауылдық елді мекен тұрғындары баспанамен қамтылуда

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.