jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Министр Алмасадам Сәтқалиев тағы бір лауазымға ие болды

    Алмасадам Сәтқалиев
    Алмасадам Сәтқалиев. Фото: t.me/KZgovernment

    Бүгін энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Энергетика министрлігінің ғылыми-техникалық кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомство ақпараты бойынша, 22 мамырда Энергетика министрлігінде ғылыми-техникалық кеңестің (ҒТК) кезекті отырысы өтті.

    Министрліктің ҒТК құрамына мемлекеттік органдардың, ғылыми қауымдастықтың, ұлттық компаниялар мен университеттердің өкілдері кірген. ҒТК жұмыс органы болып "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" АҚ белгіленді.

    Отырыста ҒТК төрағасы мен оның орынбасарларын таңдап, ғылыми зерттеулер үшін маңызды тақырыптардың тізімі белгіленді.

    "Қатысушылардың шешімімен энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ҒТК төрағасы ретінде сайланды, цифрландыру саласына жетекшілік ететін энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс төрағаның орынбасары болып бекітілді.

    ҒТК қатысушылары саланың өзекті міндеттерін ескере отырып, зерттеу үшін басым бағыттар тізімін жасады. Атап айтқанда, ғылыми зерттеулердің бағыттарын жасанды интеллект және цифрландыру технологияларын пайдалана отырып іске асыру ұсынылды. (тізімнің мазмұнымен осында танысуға болады)", - делінген хабарламада.

    Сондай-ақ ҒТК қатысушылары әзірлеген ғылыми зерттеулердің тізіміне мынадай басым бағыттар кірді:

    • Геологиялық-физикалық зерттеу әдістері;
    • Кәсіптік жабдықтар;
    • Сұйықтық динамикасы мен дайындығын реттеу;
    • Кен орны мен ұңғыманы игеруді басқару;
    • Мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы;
    • Атом және уран өндіру саласындағы зерттеулер, сирек металдар және сирек жер металдары;
    • Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, радиациялық қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және өндірістік операциялар;
    • Электр желілерінің сенімділігін, басқарылуын және бақылануын арттыру, ысыраптарды азайту және олардың өткізу қабілетін арттыру үшін жаңа технологиялар мен жабдықтарды әзірлеу және енгізу.
    • Жылу энергетикасы объектілерінің сенімділігін, басқарылуын және байқалуын арттыруға, шығындарды азайтуға, жылу желілерінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін инновациялық технологиялар мен жабдықтарды әзірлеу және енгізу;
    • Атом-сутегі энергетикасын дамыту саласындағы ғылыми-техникалық әзірлемелер.
    Министр Алмасадам Сәтқалиев тағы бір лауазымға ие болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.