jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев ғалымдарға қуаңшылыққа төзімді өсімдік сұрыптарын шығару жұмысын барынша күшейтуді тапсырды

    Өсімдікті зерттеуші ғалым
    Өсімдікті зерттеуші ғалым. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдармен кездесу кезінде Қазақстандағы агронөнеркәсіп кешенін дамыту мәселесін көтерді. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Президент ғалымдар алдында жасаған баяндамасында Қазақстан агроөнеркәсіп кешенін дамытуда мол әлеуетке ие әрі аймақтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қоса алатынын атап өтті.

    Бірақ, өкінішке қарай, бұл – алға қойылған мұрат қана. Ол үшін көп жұмыс істеу керек. Ауыл шаруашылығындағы барлық мүмкіндікті іске асыру мақсатында еңбек өнімділігін едәуір арттыру қажет. Сондықтан аграрлық ғылымды дамытудың, агроөнеркәсіп кешеніне заманауи технологияларды енгізудің мәні зор.

    Ғалымдарымыз малдың тұқымын асылдандырумен айналысып, климатымызға бейімделген, мол өнім беретін әрі қуаңшылыққа төзімді өсімдік сұрыптарын шығарып жатыр. Бұл жұмысты барынша күшейту қажет", - деді ол.

    Оның пікірінше, еліміздің орасан зор көлік-логистикалық әлеуетін тиімді пайдалану керек.

    "Транскаспий халықаралық көлік бағыты әлемдік саудада мол мүмкіндіктерге жол ашады. 2027 жылға қарай осы дәліз арқылы жүк тасымалдау көлемін жылына 10 миллион тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Еліміздің Еуразиядағы басты транзит хабы ретіндегі рөлін нығайту үшін автокөлік, әуе және теміржол тасымалын дамытқан жөн", - деді мемлекет басшысы.

    Тоқаев ғалымдарға қуаңшылыққа төзімді өсімдік сұрыптарын шығару жұмысын барынша күшейтуді тапсырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.