jitsu gif
Саясат

    ҰҚК Өзбекстан мен Қазақстан шекарасында адамдар мен көліктердің жиналу себебін түсіндірді

    Шекара
    Шекара. Көрнекі фото: pixabay.com

    ҰҚК Шекара қызметі Өзбекстан мен Қазақстан шекарасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Ведомство өкілдері "Жібек жолы" өткізу пунктінде адамдар мен көлік құралдарының жиналу себебін түсіндірді, деп жазады ҰҚК ресми Telegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ҰҚК мәліметінше, бұл іргелес аумақтағы "Гишт Куприк" өткізу пунктінде жол төсемінің салынуы мен кеңейтілінуіне байланысты болып тұр.

    Сондай-ақ, қазіргі уақытта "Қапланбек" өткізу пунктінің жөндеу жұмыстарына байланысты жабылып қалғаны хабарланды. Оған қоса, "Тәжен", "Атамекен" және "Қазығұрт" өткізу пункттерінде жүргізіліп жатқан реконструкция себебінен адамдар мен көлік құралдарының қозғалысы шектелген.

    Мемлекеттік шекара арқылы басқа өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде.

    "Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - деген үндеу жасады ведомство өкілдері.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.