jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаев АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбайды қабылдады

    Ақорда
    Ақорда. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбайды қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

    Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске төрағалығы аясында ұсынған бастамалары мен басымдықтарының жүзеге асырылу барысы жөнінде мәлімет берілді.

    АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбай Президентке форумды институционалдық тұрғыдан нығайту үшін атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

    Мемлекет басшысы Кеңесті халықаралық ұйымға айналдыру жолында Қазақстан айтарлықтай белсенділік танытып отырғанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК-тің тұрақты құрылымдары қызметінің тиімділігін арттыру және оның географиясы мен сыртқы байланыстарын кеңейту арқылы бірлестікті одан әрі дәйекті түрде дамыту қажет екеніне назар аударды.

    Президент Кеңес хатшылығының қызметіне айрықша мән беріп, еліміз оның барлық деңгейдегі жұмысына атсалыса беретінін мәлімдеді.

    Тоқаев АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбайды қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.