jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Астана аспанында әскери ұшақтар видеоға түсіп қалды: Қорғаныс министрлігі пікір білдірді (видео)

    Әскери ұшақтар
    Әскери ұшақтар. Видеодан кадр: instagram/astanovka98/

    Желіде Астана аспанында ұшып бара жатқан әскери ұшақтардың видеосы тарады. Видеоға қатысты Қорғаныс министрлігі өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Instagram-дағы astanovka98 парақшасында Астана аспанында ұшып бара жатқан әскери ұшақтардың видеосы жарияланды.

    Қорғаныс министрлігі бұл жайт туралы NUR.KZ тілшісіне пікір білдірді. Ведомство өкілдері бұған дейін мемлекеттік күзет қызметінің жарияланған ақпаратына сілтеме жасаған. Олардың айтуынша, 28 маусымнан бастап елорданың кейбір көшелерінде көліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысына уақытша шектеулер енгізілді.

    "Дайындық шараларына арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстарын пайдалану кіреді", - деп ескертті департамент өкілдері.

    Еске сала кетейік, бұған дейін 3-4 шілдеде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтетіні белгілі болған еді.

    Ақорда мәліметінше, саммит аясында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылайды.

    Астана аспанында әскери ұшақтар видеоға түсіп қалды: Қорғаныс министрлігі пікір білдірді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.