jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Жыл коллаборациясы": Қыран Талапбек пен Моңғолияның президенті желіде ортақ жазба жариялады

    Қыран Талапбек
    Қыран Талапбек. Фото: YouTube/ Төртеу түгел болса

    Қазақстандық танымал мобилограф Қыран Талапбек әлеуметтік желіде Моңғолияның президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен бірге ортақ жазба жариялады. Отандасымыз жақында өткен ШЫҰ саммиті кезінде Моңғолия басшысын арнайы видеоға түсірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қыран Талапбек Астанада өткен ШЫҰ саммитіне келген бірқатар ел басшысын видеоға түсіріп, оны Instagram-дағы парақшасында жариялады.

    Басқа президенттер мобилографтың бейнежазбасын қабылдамаса да, Моңғолия басшысы аталмыш коллаборацияны бірге жариялауға келісімін берген.

    Желі қолданушылары Қыран Талапбектің жұмысына жоғары бағасын беріп, оған жылы лебізін білдірген.

    "Өте сапалы видео", "Президенттің назарын аударатын видео екен", "Жарайсың, Қыран. Жасай бер", "Мобилографияның атасы деп бекер атамапты ғой", "Елдегі маңызды шараларда осындай кәсіби адамдар жұмыс істеу керек", "Жыл коллаборациясы", - деп жазуда көпшілік.

    "Жыл коллаборациясы": Қыран Талапбек пен Моңғолияның президенті желіде ортақ жазба жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.