jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Қазақстанның Еуропа елдеріндегі екі елшісін ауыстырды

    Абзал Сапарбекұлы
    Абзал Сапарбекұлы. Фото: ҚР СІМ

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның Мажарстандағы, Албаниядағы төтенше және өкілетті елшілері тағайындалып, тағы екі елдегі елші қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Мемлекет басшысының жарлығымен Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына, Искандер Жүсіпұлы Айсариев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда таратқан ресми хабарламада.

    Ал президент жарлығымен Жәнібек Әбдрашов Қазақстан Республикасының Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Еркебұлан Сәпиев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан босатылды.

    Тоқаев Қазақстанның Еуропа елдеріндегі екі елшісін ауыстырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.