jitsu gif
Саясат

    Қазақстанда жаңартылған Су кодексі әзірленді

    Қапшағай су қоймасы
    Қапшағай су қоймасы. Фото: Roman Chekhovskoy / Getty Images

    Қазақстанда жаңартылған Су кодексі әзірленді. Жаңа кодекс бойынша елімізде қандай жұмыстар атқарылатыны туралы KAZ.NUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Кодекс мәжіліске өтті, су тасқыны мен құрғақшылық сияқты төтенше құбылыстарды болжауды, жоспарлауды және оларға ден қоюды қамтамасыз ете отырып, қазіргі заманғы су пайдалану үшін маңызды болады. Сондай-ақ Кодексте:

    • суды пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау мен қадағалауды күшейту
    • бассейндік инспекциялар мен мемлекеттік су инспекторларының функцияларын кеңейту
    • жедел әрекет етудің жаңа құралдарын енгізу қарастырылады.

    Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасы:

    • жаңа 20 су қоймасын салу

    • 15 су қоймасы мен 14 мың шақырымнан астам ирригациялық каналдарды реконструкциялау

    • еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су тапшылығын азайту үшін гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту

    • су тасқынының алдын алу және олардан келетін залалды азайту үшін кешенді ғылыми зерттеулер жүргізу

    • кадрлық әлеуетті арттыру және инфрақұрылымды дамытуды көздейді.

    2024-2026 жылдарға арналған су үнемдеу жөніндегі Жол картасы:

    • су саласын цифрландыру

    • шаруаларды мемлекетттік қолдауды жетілдіру

    • заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу

    • неғұрлым үнемді ауыл шаруашылығы дақылдарына көшуді қарастырады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.