jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаев металлургтерді марапаттау туралы жарлыққа қол қойды

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев металлургтерді марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.

    Ақорда ақпаратынша, президент жарлығымен Металлург күні қарсаңында отандық металлургия саласындағы жемісті еңбегі, еліміздің өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін жүздеген жұмысшы мемлекеттік наградалармен марапатталды.

    Атап айтқанда, 22 жұмысшы "Құрмет" орденінің кавалері атанды, 41 өнеркәсіп қызметкері ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" орденінің, 51 адам "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері болды.

    Сонымен қатар 7 маман Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасын иеленді.

    Тоқаев металлургтерді марапаттау туралы жарлыққа қол қойды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.