jitsu gif
Саясат

    Тоқаев қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Руслан Жақсылықов
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Руслан Жақсылықов. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

    Руслан Жақсылықов Қазақстан Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысына қорғаныс ведомствосының биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстары туралы баяндады.

    Қасым-Жомарт Тоқаевқа халықаралық оқу-жаттығу жиындарының нәтижелері, жауынгерлік дайындыққа жаңа әдістер енгізу жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ қарулы күштердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігіне қатысты бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы жайында айтылды. Заманауи қару-жарақпен және әскери техникалармен қамтамасыз ету, қорғаныс инфрақұрылымын дамыту, әскери-патриоттық жұмыстарды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Руслан Жақсылықов әскери қызметшілер мен зейнеткерлерді әлеуметтік тұрғыдан қолдауды арттыру шаралары туралы айтты.

    Кездесу соңында Жоғарғы бас қолбасшы қорғаныс министріне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әлеуетін одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

    Тоқаев қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.