jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    Жамбыл облысындағы жол апатынан болған полицейлердің қазасы: қайғылы оқиғаға ІІМ басшысы пікір білдірді

    Қайтыс болған полицейлер.
    Қайтыс болған полицейлер. Фото: facebook.com/erzhansadenov

    Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Facebook желісіндегі парақшасында Жамбыл облысындағы тас жолда болған жол апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Жамбыл облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүріп, қызметтік борышын орындау барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасына және жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Олардың елге сіңірген еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Қайғылы оқиғаның мән-жайын тергеу барысы менің жеке бақылауымда", - деп жазды ІІМ басшысы.

    Кеше түнде Меркі-Шу-Бурылбайтал тасжолында Toyota Alphard минивэні мен Skoda Octavia полицей көлігі бетпе-бет соқтығысып, минивэн өртеніп кеткенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

    Оқиға салдарынан екі полиция қызметкері мен минивэннің төрт жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

    Кейінірек ІІМ болған оқиғаның егжей-тегжейін хабарлады. Белгілі болғандай, қаза тапқан полиция қызметкерлерінің бірі 11 баланы тәрбиелеп отырған көп балалы әке екен.

    Жамбыл облысындағы жол апатынан болған полицейлердің қазасы: қайғылы оқиғаға ІІМ басшысы пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.