jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Алматы облысында Конституция күні қарсаңында 85 отбасы баспаналы болды

    Кілттерді салтанатты түрде тапсыру
    Фото: Алматы облысының әкімдігі

    Конституция күніне орай Алматы облысының әкімі Қонаев қаласындағы 85 отбасыға жаңа пәтер кілттерін табыстады.

    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Sun City тұрғын үй кешенінде 85 отбасыға жаңа пәтер кілттерін табыс етті. Баспана 10 жылдан астам уақыт үй кезегінде тұрған отбасыларға берілді.

    Пәтерлер Конституция күні қарсаңында қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана сатып алу бағдарламасы шеңберінде табысталды. Бұл пәтерлер "KazSMU" ЖШС салған 360 пәтерлі кешеннен сатып алынды.

    Марат Сұлтанғазиев жаңа қоныстанушыларды құттықтады
    Фото: Алматы облысының әкімдігі

    Шараға Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы қатысып, тұрғындарды құттықтады. Ол: "Тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттік әлеуметтік саясаттағы басымдық. Тұрғын үй мәселесіне қатысты жағдайды түбегейлі өзгерту керек. Бұл сұрақ әрдайым жіті назарда болады", - деп ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев баспана мәселесімен қамтуға баса назар аударды, - Осы бағытта Алматы облысында да белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы жылы әлеуметтік осал топтарға арналған 1304 пәтер сатып алу жоспарланған. Оның 55-і сатып алынды. Облыс орталығында қосымша 145 пәтер сатып алынып, әлеуметтік осал топқа жататын азаматтарға беріледі. Жалпы, облыс бойынша 61 көппәтерлі тұрғын үй (1618 пәтер) құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 3 мыңға жуық облыс тұрғыны жаңа баспанаға ие болады деп жоспарланып отыр", - деді Марат Елеусізұлы.

    Марат Сұлтанғазиев жаңа қоныстанушыларды құттықтады
    Фото: Алматы облысының әкімдігі

    Жаңа пәтерге ие болғандардың бірі – Анар Алмұратова. Күміс алқа иегері бес қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр. Ол он жылдан бері Қонаев қалалық ауруханасында медбике болып жұмыс істейді.

    Жаңа тұрғын үй
    Фото: Алматы облысының әкімдігі

    "Қонаевта тұрып жатқанымызға он жыл болды. 2012 жылы көшіп келдім. Әсерімді айта алмаймын, толқып тұрмын, қуаныштымын. Конституция күні қарсаңында үй беріп жатыр, балапандарымыз осы жерден сабаққа барады. Екі бөлмелі үй, 78 шаршы метр, іші үлкен", - деді Анар Алмұратова.

    Жаңа қоныстанушылар отбасы
    Фото: Алматы облысының әкімдігі

    Sun City тұрғын үй кешені қаланың жайлы әрі қолайлы бөлігінде орналасқан. Ғимараттың құрылысы екі жыл бұрын басталып, биыл пайдалануға берілді. 12 қабатты нысанның ауласы толық абаттандырылған. Балаларға арналған спорттық, ойын-сауық алаңдары да орнатылыпты.

    Марат Сұлтанғазиев жаңа қоныстанушыларды құттықтады
    Фото: Алматы облысының әкімдігі

    "Қонаев қаласында баспана кезегінде 1834 адам тұр. Олардың арасында көпбалалы аналар, соғыс ардагерлері, жетім балалар және мүгедектер бар. Жыл соңына дейін үкімет тарабынан 165 пәтер беру жоспарланып отыр", - деді Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов.

    Алматы облысында Конституция күні қарсаңында 85 отбасы баспаналы болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.