jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаев Қырғызстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров. Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты және Қырғызстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Мемлекет басшысы өзінің құттықтау жеделхатында егеменді Қырғыз Республикасының тарихындағы бұл айтулы күн елдің мемлекеттілігін одан әрі нығайтуға және өсіп-өркендеуіне берік негіз қалағанын атап өтті. Сондай-ақ президент стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухына толық сай келетін қазақ-қырғыз ынтымақтастығының дамуына жоғары баға берді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас қырғыз халқына бақ-береке тіледі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.