jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

    Қауіпсіздік кеңесі
    Қауіпсіздік кеңесі. Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.

    Жиында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту шараларын жүзеге асыру мәселелері туралы баяндама жасады.

    Қауіпсіздік кеңесі мемлекеттің әскери әлеуетін арттыруға байланысты ұсынылған тәсілдер және армияны заманауи қарумен, әскери техникамен, соның ішінде отандық қорғаныс кешені кәсіпорындары шығарған өнімдермен жарақтандыру бойынша тиісті шешімдер қабылдады.

    Жиын соңында президент – Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға еліміздің әскери ұйымын жетілдіру бағытында бірқатар нақты тапсырма берді.

    Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.