jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Жауаптысыңдар": қорғаныс министрі әскердегі әлімжеттік үшін қарамағындағыларға сөгіс жариялады

    Руслан Жақсылықов
    Руслан Жақсылықов. Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

    Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов әскери шенділерге әскердегі былықтарға жол бергені үшін сөгіс жариялады. Бұл туралы Kazinform хабарлады.

    Қорғаныс министрлігі басшысының төрағалығымен аттестаттау комиссиясының отырысы өтті. Ол әскердегі әлімжеттік фактілері үшін қарамағындағыларды сынға алды.

    "Бірінше кезекте, қоғам сендерден нені талап етеді? Жастардың өмірін сақтап қалу. Сендер алдымен қол астындағы адамдардың өміріне жауаптысыңдар. Олардың жұмыс істеуіне барлық жағдайды жасауларың керек", - деп ескертті қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов.

    Отырыста Руслан Жақсылықов Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары полковник Талғат Сыздықовты атқарып отырған қызметіне сай емес деп тапты.

    Сондай-ақ министр генерал-майор Нұртас Қабақовты Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысы қызметінен босату туралы өтініш беретінін айтты.

    "Жауаптысыңдар": қорғаныс министрі әскердегі әлімжеттік үшін қарамағындағыларға сөгіс жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.